Телефоны
регистратуры:
31-67-55
31-65-83
Телефон
доверия:
36-21-86
  • Работает кабинет функциональной диагностики
  • Для вас работает телефон доверия
  • Здоровый малыш - счастливая мама!
  • С заботой о вашем здоровье!

Қызылша ауруы туралы не білу керек?

Қызылша — жедел жұқпалы ауру. Негізгі белгілері: қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады.
Этиология. Қызылшаны тудырушы вирус көлемі 120-250 нм (polinosa morbillarum). Вирус қыздырғанда, күн сәулесінен, залалсыздандыратын химиялық қоспалардан өліп қалады.
Эпидемиология. Ауру тек науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңінің 2-ші күнінен денедегі бөртпелер 4 күн аралығында қатынаста болған адамдарға тыныс алу арқылы ауа-дан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады.
Қызылшаның белгілері, өрбуі. Жасырын кезеңі 9-11 күн, егер иммуноглобулин алған болса, жасырын кезеңі 15-21 күнге созылуы мүмкін. Алғашқы белгілері: қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл (пятнистая) бөртпелер пайда болады. Екі ұрттың үстінде қызылшаға тән майда ақшыл бөртпелер кілегей қабығының үстінде ерекшеленіп тұрады, мұндай белгіні Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері дейді. Сыртқы түріне қарағанда бұл бөртпелер «манна» түйіршігіне ұқсайды. Теріде қызылшаның бөртпелері пайда болғанда Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері кетіп қалады. Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі: бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні денеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяқтарда шығады, ол күні беттегі бөртпелер бозарады. Бөртпелер көлемі 2мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелер арасында таза тері көрініп тұрады. 3-4 күннен кейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқа қабыршықтар қалады (ұнның ұрпағындай). Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін.
Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады.
Диагноз: аурудың өрбу кезінде анықтау қиындық туғызбайды. Теріде қызылша бөртпелері шықпай тұрғанда, науқастың қызылшамен ауырған ортада болуы, тамағындағы қабыну, көздің қызаруы, ұртта Бельский-Филатов-Коплик ақшыл бөртпелердің пайда болуы диагнозды растайды. Кейін теріде үш күнде біртіндеп шыққан бөртпелер диагнозды толық дәлелдейді. Басқа ұқсас аурулардан ажырату үшін, зертханада РСК, РТГА талдауларын жасайды.
Емдеу. Жұқпаның жеңіл түрінде, үй жағдайы қанағаттанарлық болғанда, яғни кішкентай нәресте, балалардың болмауы, жатақхана т.б. Науқастар үйде емделеді, ешкімге жұқпау үшін, жұғу кезеңінде төсекте жатады. Көзіне күн жарығы түспейтіндей жағдай керек, тамағын шайқап, көзін тазалап, 2% сульфаций натрий сұйығын көзге 3-4 рет тамызады. Науқасқа мол құнарлы сұйықтар беріледі. Шағымына байланысты жазылғанша дәрігер бақылауы қажет.
Қызылша ауруының алдын алу — уақытылы егу жұмыстарын жүр-гізу, үйде қызылшамен ауырған науқас болғанда қарым-қатынасты шектеу.

Елімізде 6 айдан 10 айға дейінгі балаларды қызылшаға қарсы вакциналау 2023 жылдың 6 қарашасынан, 2 жастан 4 жасқа дейін - 2023 жылдың 5 желтоқсанынан басталады. Қызылша - өте жұқпалы ауру және ұжымда, оның ішінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектеп, оқу орындарында, егілмегендер арасында тез таралуы мүмкін. Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап 6 айдан 10 ай 29 күн аралығындағы балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау (бұдан әрі – қызылшаға қарсы ҚЖИ) жүргізіледі. Әрі қарай, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина партиясы келіп түскеннен кейін қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күн дейінгі балаларға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне қызылшаға қарсы ҚЖИ өткізу жоспарлануда. Айта кететін жайт, екпе егілетін адамның немесе ата-ананың ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жасалады. Екпе алу үшін жұмыс күндері сағат 8-дан бастап 17-ге дейін жазылусыз дәрігерге жүгіну керек.