Хабарландыру бас дәрігер бос лауазымына конкурс өткізу туралы
Ұымның бақылау кеңесі Абай облысы ДСБ «Семей қаласының №9 емханасы» ШЖҚ КМК, Абай облысы ДСБ «Семей қаласының №9 емханасы» ШЖҚ бас дәрігер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Ұйымның орналасқан жері: Стаханова,17
Пошталық мекенжайы: Абай обласы, Семей қаласы, Стаханова көшесі, 17
Байланыс телефоны: 8 7222 31-52-97
Электрондық пошта мекенжайы: pol_9-semey@mail.ru
Ұйымның негізгі қызметі
Абай облысы ДСБ «Семей қаласының №9 емханасы» ШЖҚ КМК Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту қызметтерін жүзеге асырады.
Бас дәрігердін негізгі лауазымдық міндеттері
Бас дәрігер ұйымның ағымдағы қызметіне басшылық етеді және:
- медициналық көмектің сапалы және уақтылы көрсетілуін ұйымдастыруды;
- мемлекеттік тапсырмалар мен шарттық міндеттемелердің орындалуын;
- қаржылық, материалдық және кадрлық ресурстардың тиімді пайдаланылуын;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының сақталуын;
- медициналық және әкімшілік персоналдың жұмысын ұйымдастыруды;
- ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын;
- ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін тиімді ұйымдастыруды;
- еңбек қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың және басқа да міндетті талаптардың сақталуын;
- ұйымның тұрақты дамуын және қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасында денсаулық сақтау ұйымының тиісті деңгейдегі басшысына белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар қатыса алады.
Кандидаттың біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлығына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өзге де талаптарға сәйкестігі ескеріледі.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға:
1. конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2. еркін нысанда жазылған өмірбаянды;
3. білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4. еңбек кітапшасының көшірмесін немесе еңбек өтілін растайтын құжатты;
5. денсаулық жағдайы туралы белгіленген нысандағы анықтаманы;
6. соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы;
7. қажет болған жағдайда кәсіби біліктілігін, біліктілігін арттыруын және кәсіби жетістіктерін растайтын қосымша құжаттарды ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: «02» қазан 2026 жыл.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: «17»қазан 2026 жыл.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны:
«19» қазан 2026 жыл, сағат: 14.00 ден16.00деін (қабылдау туралы шешім),
Абай обласы, Семей қаласы, Стаханова көшесі, 17
Конкурс Бақылау кеңесімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізіледі.
Конкурс барысында кандидаттың ұйымды дамыту жөніндегі презентациясы тыңдалып, кәсіби және басқарушылық құзыреттері бағаланады.
Жауапты тұлға: Шарипова С.Ж.
Байланыс телефоны: жұм: 8 7222 31-52-97, конт: 8 777 988 15 27
Электрондық пошта: pol_9-semey@mail.ru
