Телефоны
регистратуры:
31-67-55
31-65-83
Телефон
доверия:
36-21-86
  • Работает кабинет функциональной диагностики
  • Для вас работает телефон доверия
  • Здоровый малыш - счастливая мама!
  • С заботой о вашем здоровье!

31 жыл бойы құжатсыз жүрген Абай облысының тұрғыны жеке куәлік алды

Облыс тұрғыны 31 жыл бойы жеке куәлік құжатынсыз жүрген. Семей қаласының 9 емханасының тұрғыны құжат мәселесі бойынша көмек сұрап жүгінген. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азамат денсаулығына байланысты құжаттарды толығымен рәсімдей алмағанын айтты . Оның қолында стационардан шығарылған құжатында, жеке идентификациялық нөмірі болмағандықтан, белгісіз адам ретінде жазылған 641. Құжаттарды рәсімдеу барысындағы барлық мәселеге қарамастан, бұл азаматқа біздің әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің қызметкерлері көмектесті. Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен құжаттарды рәсімдеу үрдісі жүріп жатыр.

Біздің мақсатымыз – қиын өмірлік жағдайға тап болған науқасқа жеке куәлік құжатын рәсімдеуге көмектесу және болашақта әлеуметтік және медициналық қызмет түрлерін алу мүмкіндігін беру. Бүгін 2023 жылдың 11 қазанында оған туу туралы куәлік құжаты табыс етілді.Осы шараға қуанған науқас өз кезегінде әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің медицина қызметкерлеріне: психолог Ибрагимова Айжан Талғатқызы және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы медбикесі Сабдуллина Гүлнар Мусылманқұлқызына алғысын , ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі!