Семей қаласының №3 емханасының Прииртыш филиалының дәрігері Дуйсекенов Талгат Келисович бекітілген тұрғындармен есеп беру кездесуін ұйымдастырды
Онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің түрлері мен тізбесі туралы;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің түрлері мен тізбесі туралы;
- амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін препараттардың тізбесі және оларды беру тәртібі туралы;
- емхананың жəне мамандардың жұмыс тәртібі; скринингтік бағдарламалар тізбесі, жүгіну тәртібі туралы;
- қымбат диагностикалық қызметтерді алу, тәртібі, мерзімдері туралы;
- жылжымалы медициналық кешендердің жұмысы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.
Кездесуде халықтың қойған сұрақтарына толық жауаптар берілді.