Тіркеу
телефоны:
31-65-83,
31-67-55
Сенім
телефоны:
36-21-86

Тіркеу телефоны:
31-65-83, 31-67-55

Сенім телефоны:
36-21-86

Мекен-жай:
ҚР, Абай облысы, Семей қ., Стаханов көш., 17

  • Работает кабинет функциональной диагностики
  • Для вас работает телефон доверия
  • Здоровый малыш - счастливая мама!
  • С заботой о вашем здоровье!

Әкімшілік

Альменева Найля Сапановна

Альменева Найля Сапановна

Бас дәрігер – 2011 жылдан бастап әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігердің жоғары біліктілік санаты бар. 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Бородулиха ауданында балалар дәрігері болып бастаған. 1998 жылы №10 СҚА меңгерушісі, кейін №10 МСАК бас дәрігері болып тағайындалды; 2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Семей қаласының №3 емханасы мемлекеттік клиникалық мекемесінің бас дәрігері болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық медицина қауымдастығының Шығыс Қазақстан облысы бойынша президенті, отбасылық дәрігерлер қауымдастығының басқарма мүшесі, Семей қаласындағы «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі.

2010 жылғы 12 ақпанда Алматы қаласында "Ұлттық медициналық қауымдастық" республикалық қоғамдық бірлестігінің "Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асырудағы кәсіби медициналық қоғамдық бірлестіктердің рөлі" тақырыбындағы конференциясында "Алтын дәрігер"төсбелгісімен марапатталды.

2012 жылы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскеріне 20 жыл"төсбелгісімен марапатталған. Сол жылы "Қазақстан Республикасы Денсаулық таусынігі" төсбелгісімен марапатталды. 2010 жылы "НұрОтан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулиннің алғыс хатымен марапатталды.

2012 жылы ҚР ДСМ "Денсаулық сақтаудың үздік менеджері" III дәрежелі дипломын алды. Сол жылы ҚР ДСМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша "денсаулық сақтаудың үздік менеджері" Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мукашев Жомарт Ясманович

Мукашев Жомарт Ясманович

Мукашев Жомарт Ясманович - жоғары санатты дәрігер. Емдеу жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары. Семей мемлекеттік медицина институтын 1985 жылы дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Аягөз аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастады, 1986 жылдан Шұбартау ауданының Алғабас ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды, 1998 жылдан Семей қаласының № 16 ІАҚ меңгерушісі қызметін атқарды. 2002 жылдан бастап № 2 ІАҚ аға дәрігері болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының аралас үлгідегі № 3 емханасы" КМҚК бас дәрігерінің емдеу работе жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған, Алғыс хаттары бар. 2014 жылы "тиімді жұмыс үшін Медаль" алды.

Наурызбаева Салтанат Сергалиевна

Наурызбаева Салтанат Ерғалиқызы-жоғары санатты терапевт дәрігер, сарапшы, Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі. Семей мемлекеттік медицина институтын 1986 жылы дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Семей қаласында №1 ОҚК дәрігер-терапевт, 1996 жылдан №3 емхананың терапевті болып бастады. 2011 жылдан бастап КДП МСАК меңгерушісі лауазымына тағайындалды 3. 2019 жылдан бастап ОА ДСБ "№9 емхана" ШЖҚ КМК сарапшы-дәрігері. Шығыс Қазақстан облысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған, бірнеше мәрте алғыс хаттары бар.Отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі және Қазақстан халқының денсаулығы үшін риясыз еңбегі үшін марапатталды,"Мамандыққа адалдығы үшін Медаль" алды.

 

 Шлясова Гулжан Кутайбаевна

Шлясова Гулжан Кутайбаевна

Шлясова Гулжан Кутайбаевна-педиатрия бөлімінің меңгерушісі, бірінші біліктілік санатына ие. Семей мемлекеттік медицина институтын 1990 жылы дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау облысы, Щучинск қаласында дәрігер-педиатр болып бастады, 1991 жылдан 1997 жылға дейін Мақаншы ауданында, 1997 жылдан 1998 жылға дейін Семей қаласының № 2 аумақтық балалар медициналық бірлестігінде жұмыс істеді, 1998 жылдан № 3 ІАҚ – да жұмыс істеді, 2003 жылы аға дәрігер лауазымына ауыстырылды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының аралас үлгідегі № 3 емханасы" КМҚК педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен марапатталған. 2013 жылы тиімді еңбегі үшін Құрмет грамотасын алды.

 

Сасенова Шолпан Мухтаровна

Сасенова Шолпан Мухтаровна

Сасенова Шолпан Мухтаровна дәрігер-медстатист, екінші біліктілік санаты бар. Семей мемлекеттік медицина институтын 1996 жылы дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының №3 емханасы" КМҚК-да дәрігер-медстатист болып жұмыс істейді. Әкімнің Құрмет грамотасымен марапатталған.









Ермекбаева Айгуль Даулетбековна

Ермекбаева Айгуль Даулетбековна

Ермекбаева Айгуль Даулетбековна - аға медбике. Мейірбике мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. 1978 жылы Семей медициналық училищесін медбике мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Орталық қалалық аурухананың медбикесі қызметінен бастады. 1998 жылдан бастап әртүрлі медициналық мекемелерде аға медбике қызметін атқарды. Қазіргі уақытта ШҚО ДСБ "Семей қаласының №3 емханасы" КМҚК II бөлімшесінің аға медбикесі лауазымын атқарады. 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.



Искакова Кулян Жумановна

Искакова Кулян Жумановна

Искакова Кулян Жумановна - аға медбике. Мейірбике мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. 1983 жылы Семей облыстық денсаулық сақтау саласындағы медбикелер курсын мейірбике мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1983 жылы Көкпекті аудандық ауруханасында бастаған. Семей қаласының № 32 жалпы орта білім беретін мектебінде медбике болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап ШҚО ДСБ "Семей қаласының №3 емханасы" КМҚК 1 бөлімшесінің аға медбикесі болып қабылданды.